Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездесуі мүмкін – БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Азиаттық-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммитінің алдында немесе саммит аясында кездесуі ықтимал.

Бұл туралы South China Morning Post басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, биылғы АТЭЫ саммиті қос көшбасшының жеке жүздесуіне «ең қолайлы мүмкіндікке» айналуы мүмкін.

«Трамп саммитке қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанбас бұрын Қытайға сапарлай алады немесе Си Цзиньпинмен АТЭЫ саммиті кезінде кездесуі ықтимал», — деп жазады басылым.

Айта кетейік, саммит 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі биыл көктемде күшейген болатын. Сәуірде Вашингтон Қытайдан жеткізілетін тауарларға салынатын кедендік баж салығын 104 пайызға дейін көтерді. Бұған дейін, наурызда, бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін төмендетілген еді. Жауап ретінде Бейжің америкалық ауыл шаруашылығы өнімдеріне тарифтер енгізді.

10–11 мамыр күндері АҚШ пен Қытай шенеуніктері Женевада сауда-экономикалық мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізді. Осы кездесуден кейін Дональд Трамп Қытаймен қарым-қатынастың «толық қайта жүктелгенін» мәлімдеді.

Маусым айында тараптар келісімге келгенін жариялады: АҚШ қытайлық тауарларға салынған тариф мөлшерін 55 пайызға дейін төмендетуге, ал Қытай америкалық өнімге салынатын салықты 10 пайызға дейін азайтуға уәде берді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытай АҚШ президентінің жаңа бастамасын сынға алды. Трамп Ресеймен әріптестік орнатқан мемлекеттерге 100 пайыздық тариф енгізуді ұсынған. Бұл шара Украинадағы соғыс 50 күн ішінде тоқтамаса, күшіне енуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *