Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоуды қабылдады, деп жазады ZontNews.kz.

Кездесу барысында ол президентке ерекше құрмет белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті. Тоқаев жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырып, дәстүрге сай сындырды.

Президент Чоудың сапары Қазақстан спорт қауымдастығы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Бұл таеквондоның елімізде дамуына халықаралық қолдаудың бар екенін көрсетеді», – деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, таеквондо — олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп пен өзара құрмет қағидаттарына негізделген, әлемдегі миллиондаған адамды біріктіретін философия.

Мемлекет басшысы 2025 жылы елордада өтетін G1 санатындағы Kazakhstan Open халықаралық турнирі қазақстандық спортшыларға кәсіби шыңдалуға, тәжірибе алмасуға және ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Ол бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстанда таеквондоның танымалдығы өсіп, халықтар арасындағы байланыс нығаятынына сенім білдірді.

Чунгвон Чоу қонақжайлық үшін алғыс айтып, Қазақстандағы таеквондоның дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді. Ол алдағы турнирдің ұйымдастырылуына және спортқа деген қызығушылыққа жоғары баға беріп, қазақстандық спортшылардың халықаралық жетістіктерін атап өтті.

Кездесу соңында Тоқаев Чунгвон Чоуды әлемдік таеквондоға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *