Тоқаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ержан Ашықбаев Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен бұл қызметті атқарып келген Ақан Рахметуллин лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, қыркүйек айында сыртқы істер министрі болып Ермек Көшербаев тағайындалған еді. Ал оған дейін бұл ведомствоны басқарған Мұрат Нұртілеу бүгінде президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *