Тоқаев Пашинянды бейбітшілік декларациясымен құттықтады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды Вашингтонда Армения мен Әзірбайжан арасында бейбітшілік орнату жөніндегі декларацияға қол қойылуымен құттықтады, деп жазады ZontNews.kz.

Құжат Оңтүстік Кавказдағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жыл соңына жоспарланған ресми сапарына дайындық жүріп жатқанын айтты. Ол Қазақстанның Армения мен Әзірбайжан арасындағы саяси диалогты ілгерілетуге және келіссөздер өткізуге алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Никол Пашинян жылы лебізі үшін алғыс айтып, бейбітшілік жөніндегі келіссөз процесінің кейбір қырларымен бөлісті. Сондай-ақ бұл істегі АҚШ президенті Дональд Трамптың рөлін атап өтті.

Премьер-министр Қазақстанның Армения мен Әзірбайжан арасындағы диалогқа қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты кеңейтетін жаңа келісімдерге қол қою үшін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге дайын екенін растады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *