Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Фото: ООН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21–23 қыркүйек аралығында жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, бірнеше мемлекет пен халықаралық ұйым басшыларымен келіссөздер өткізеді.

«Сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Сондай-ақ жетекші әлемдік компаниялардың басшыларымен кездесулер өтеді», – деп хабарлады Ақорда.

Еске сала кетейік, тамыз айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізген болатын. Тараптар Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының болашағын, ұйымды реформалау мәселелерін және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *