Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын және Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінің жаңа қолбасшысын тағайындады, деп жазады ZontNews.kz.
- Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Бурамбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалып, бұрынғы қызметінен босатылды.
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы лауазымына келді.
8 маусымда президент қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатып, бұл қызметке Даурен Қосановты тағайындаған болатын.
Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрді қабылдап, армияның жауынгерлік әзірлігін күшейту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, арнайы операциялар күштерінің мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмысты жандандыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.