«Тоқаев жақсы адам»: Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Фото: Kevin Lamarque/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға сапар шегуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады ZontNews.kz.

Бұл туралы ол Ақ үйден шығып, US Open финалына бара жатқанда айтты.

«Қазақстанға баруым мүмкін. Президенттеріңізге сәлем жеткізіңіздер. Ол жақсы адам», – деді Трамп 24KZ тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ АҚШ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін растады. Оның айтуынша, әңгіме жақсы өткен.

«Біз өте жақсы сөйлестік», – деді Трамп, бірақ детальдарын ашпады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *