Тоқаев Ердоғанды құттықтады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдап, Түркия халқын ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мемлекет басшысы биыл Түркияға жасаған ресми сапары кезінде Анкарада өткен келіссөздердің мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Тоқаев «Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен бірлескен бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді» деп сенім білдірді.

Президент бауырлас Түркия халқына амандық, бірлік және өркендеу тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *