Тоқаев Вашингтонға ресми сапармен келді

Фото: Акорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтон қаласына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Әуежайда мемлекет басшысын АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алды. Ол бұған дейін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын.

Ақорданың мәліметінше, ертең Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) саммитіне қатысады.

Президент алдағы кездесулердің стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болатынын атап өтіп, «Қазақстан АҚШ-пен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті» деді.

Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Америкаға жасаған екінші сапары. Қыркүйек айында ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, Дональд Трамппен кездескен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *