Тоқаев БҰҰ конференциясында Аваза бағдарламасын қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясында сөз сөйледі, деп жазады ZontNews.kz.

Ол бұл жиынды ұйымдастыруға бастамашы болғаны үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс білдіріп, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке мұндай елдердің мәселесін шешуге және әлеуетін дамытуға әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылық айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан Аваза іс-қимыл бағдарламасын толық қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағдарлама — теңізге шыға алмайтын елдердің тұрақты, әділетті әрі жан-жақты даму жолына жетуіне арналған нақты жоспар.

«Аймақтағы шектеулі байланыс – теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің басты проблемасы. Бұл транзит және сауда шығыны, сондай-ақ геосаяси факторларға осалдық секілді біршама экономикалық қиындық тудырады. Аталған кедергілер азаматтардың әл-ауқатына әсер етіп, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Түрлі қақтығыстар, экономикалық санкциялар, жеткізу тізбегінің бұзылуы және жаһанда сенімсіздіктің белең алуы жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Дегенмен Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ дамушы мемлекеттерді жаһандық мәселелердің шешімін табуға атсалысатын тең құқылы әрі перспективті серіктес ретінде қарау керек деп санайды. Мұндай елдердің үні анық естілуге тиіс, ал біздің өзара ынтымақтастығымыз терең, ұжымдық ұмтылысымыз батыл болуы қажет», — деді президент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *