Тоқаев бірқатар елдердегі Қазақстан елшілерін тағайындады

Фото: Акорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне қатысты бірқатар кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды ZontNews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Алтай Әбібуллаев Словениядағы Қазақстанның елшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметке Данияр Сәрекеновтың орнына келді.

Мемлекет басшысының өзге де жарлықтарымен:

• Дәулет Батрашев Хорватиядағы елшілік қызметін сақтай отырып, Босния және Герцеговина мен Черногориядағы елші міндетін қоса атқарады;

• Ануарбек Ахметов Алжирдегі елші қызметін жалғастырып, енді Тунисте де Қазақстанның өкілі болады.

Бұған дейін Ақан Рахметуллин сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылып, бұл лауазымға Ержан Ашыкбаев тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *