«Торт дауы»: Кондитер блогерден 600 мың теңге өндіріп алмақ

Фото: Видеодан кадр

Белгілі блогер мен кондитер арасындағы төлем дауы әлеуметтік желіде кең тарады. Кондитер Нұршат Ақбергенова Threads парақшасында белгілі блогердің мерекелік шарасына торт әзірлегенін, бірақ ақысы толық төленбегенін мәлімдеді, деп жазады ZontNews.kz.

Оның айтуынша, тортқа арналған өнімдерге жеке қаржысынан 440 мың теңге жұмсаған. Салмағы 18 келі тартқан тортты төрт адам бір апта бойы дайындаған.

«Құнын бір апта күттім, бірақ бүгін тапсырыс беруші мені бұғаттап тастады», — деді Ақбергенова.

Ол жалғызбасты ана екенін және екі баласын өзі асырайтынын атап өтті.

Блогердің жауабы

Блогер Әселина айыптаулармен келіспейтінін айтты.

«Торттың бағасы алдын ала келісілмеді. Мен 100 мың теңге алдын ала төледім. Мереке күні де, тортты алған сәтте де нақты баға айтылмады. Іс-шарадан кейін кешкісін 600 мың теңге көлемінде шот жіберілді. Біз мұндай сомаға келіскен жоқпыз», — деді ол.

Әселинаның айтуынша, өзі ең жоғары әділ баға деп санаған сома — 300 мың теңге.

«Бірнеше рет “Қанша болды?” деп сұрадым, бірақ жауап болмады. Бұл — талап етуге жатады», — деді блогер.

Ол мәселені ашық диалог арқылы шешуді ұсынғанын, бірақ өзіне қарсы әлеуметтік желіде теріс ақпарат таратылып жатқанын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *