Теміржолдағы көлеңкелі табыс: «ҚТЖ»-дағы жүк схемасы әшкереленді

Фото из открытых источников

Белсенді Санжар Боқаевтың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясының багаж бөлімінде ондаған жылдар бойы жемқорлық схемасы жұмыс істеп келеді, деп жазады ZontNews.kz.

Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Боқаев Алматыдағы бөлімшеде жүргізген тексерісінде 65 келі жүк ресми касса арқылы емес, жеке тұлғаның Kaspi шотына ақша аудару арқылы рәсімделгенін анықтады. Кассалық тариф – килограмына 114 теңге, ал бейресми жолмен 140 теңгеден алынған. Оның айтуынша, құжаттарда вагондар жартылай бос болып көрсетілгенімен, іс жүзінде олар толық тиелген. Ақша ресми есепке түспей, жеке қалталарға кетеді.

Белсендінің сөзіне сенсек, бұл схема жайлы «ҚТЖ» да, Көлік министрлігі де біледі.

«Ұлттық компанияларды табысты етуге болады. Бірақ шенеуніктерге жемқорлыққа қатысу тиімдірек. Кейін олар компанияларды жекешелендіріп, одан да пайда табады», – деді Боқаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *