Текшеден құрастырылған Абай бейнесі жұрт назарына ұсынылды

Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай портреті таныстырылды, деп жазады ZontNews.kz.

Арт-инсталляция 3000 Рубик текшесінен құрастырылған.

Биіктігі үш метр, ені екі метр туындыны спидкуберлер бес сағатта жинаған. Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынов оны «логика мен шығармашылықты үйлестірген өнер туындысы» деп сипаттады.

«Ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізгіміз келді», – деді ол.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, «Абай әлемі» мәдени бағдарламасы аясында қалада екі күн бойы поэзия кештері мен шығармашылық қойылымдар ұйымдастырылған.

Ұйымдастырушылар бұл жобаны Абай мұрасын дәріптеудің жаңа қадамы деп бағалап, оның жастардың ұлттық сана мен құндылықтарды терең түсінуіне сеп болатынына сенеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *