Таразда 1 қыркүйек күні мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады ZontNews.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды. Күдікті жасөспірім оқиға орнынан қашқаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», – деді полицияның баспасөз қызметі.
Алдын ала дерек бойынша, өлімге әкелген соққы жүрек тұсына тиген.