Қазақстанның Халық қаһарманы, ғарышкер және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті, деп жазады ZontNews.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның туыстарына көңіл айтты.
«Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
Талғат Мұсабаев үш мәрте ғарышқа ұшып, сегіз рет ашық ғарышқа шыққан. Ғарыш кеңістігіндегі жалпы уақыты — 43 сағат 46 минут. Ол Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды және Сенат депутаты болды.