Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады ZontNews.kz.
Талғат Амангелдіұлы Момышев 1968 жылы Ақмола облысында туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын және Алматы экономика және статистика институтын бітірген.
Кәсіби жолында мемлекеттік органдар мен жеке секторда басшылық қызметтер атқарған. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Ұлттық аккредитация орталығының басшысы болған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредитация департаментінің директоры қызметін атқарды.