Суданның Эль-Фашир қаласында көтерілісшілер босану үйінде жаппай қырғын жасады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Елдің халықаралық деңгейде танылған үкіметі екі күн ішінде екі мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді.
Суданда азаматтық соғыс 2023 жылдың сәуірінде басталған. Қазір ел соңғы жылдардағы ең қанды кезеңін бастан өткеріп отыр. «Жылдам әрекет ету күштері» (RSF) деп аталатын ұйым жуырда Эль-Фашир қаласын басып алғанын жариялады. Қала 2024 жылдың көктемінен бері қоршауда болған.
Үкіметтің мәліметінше, көтерілісшілер қаланы басып алғаннан кейін екі мыңнан астам тұрғынды жазалаған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда әскери киімдегі адамдардың бейбіт тұрғындарға оқ атқаны көрінеді.
RSF membunuh lebih dri 2000 sipil Sudan di daerah El Fasher. Perempuan2 diperkosa, orang-orang dibunuh, kelaparan, keamanan lumpuh dan ratusan orangtua yg harus berhadapan dngn anak2 perempuan mrka yg diperkosa.
— Yasmina (@TunggalWar51509) October 30, 2025
So fuck those motherfuckers UAE. pic.twitter.com/wBHmXef9EL
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 28 қазанда RSF содырлары қаланың соңғы жұмыс істеп тұрған медициналық мекемесі – «Сауди» перзентханасын басып алғанын растады. Ұйымның хабарлауынша, содырлар ғимарат ішінде қырғын ұйымдастырған.
«ДДҰ болған оқиғаны қатаң айыптайды. Алынған деректерге сәйкес, 28 қазанда Эль-Фаширдегі „Сауди“ перзентханасында 460-тан астам пациент пен күтуші өлтіріліп, алты медицина қызметкері ұрланған», делінген ұйымның мәлімдемесінде.
БҰҰ да оқиғаны айыптап, қала тұрғындарының өмірі қауіпте екенін және эвакуация үшін қауіпсіз бағыттар жоқ екенін хабарлады.
Ұйым өкілдері Эль-Фашир осындай қырғын болған жалғыз қала болмауы мүмкін екенін де мәлімдеді. БҰҰ дерегінше, Бара қаласында шамамен 50 бейбіт тұрғын өлтірілген.
БҰҰ Судандағы соғысушы тараптарды келіссөзге қайта оралуға және басқа мемлекеттерді қантөгісті тоқтатуға атсалысуға шақырды.

