Сот әкімшілігі 185 млн теңгеге бейнеконференция залын жабдықтамақ

Фото: kazpravda.kz

ҚР Сот әкімшілігі бейнеконференция өткізуге арналған жаңа залды жабдықтауға 185 млн теңге бөлуге ниетті, деп хабарлайды ZontNews.kz KazTAG агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталында былай деп жазылған:

«Тапсырыс беруші – „Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі“ мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі – бағдарламалық-техникалық кешенді орнату. Қосымша сипаттама – бейнеконференция өткізу залының жабдықталуы. Жоспарланған сома – 185 255 987,5 теңге».

Конкурсқа қатысуға алдын ала өтінімдер 23–30 қыркүйек аралығында қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *