2025 жылғы 30 шілдеде Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Санжар Бокаевтың блогер Антон Бударовқа қарсы талабын қанағаттандырды, деп жазады ZontNews.kz.
Сот 2024 жылғы 6 қыркүйекте Бударов жариялаған бейнежазбадағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін және Бокаевтың абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін анықтады.
Сот шешімі бойынша Антон Бударов:
• даулы бейнежазбаны YouTube арнасынан өшіруге міндеттелді;
• нақты атауы бар 20 минуттық теріске шығару бейнежазбасын жазып, жариялауға тиіс;
• Санжар Бокаевқа моральдық зиян үшін 500 000 теңге өтемақы төлеуге және сот шығындарын өтеуге міндеттелді.
Адвокат Мұрат Адам бұл шешімнің заңды күшіне енгенін хабарлады.