Семейде зорлау үшін сотталған адам қайтыс болды

Фото из открытых источников

Семей қаласындағы түзеу мекемесінде зорлау ісі бойынша жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таратқан мәліметке сәйкес, ол өзін жайсыз сезініп, медициналық көмек сұраған. Алғашқы көмек көрсетілген соң жедел жәрдем шақырылған, бірақ оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Ер адам ауруханада қайтыс болған.

Алдын ала дерек бойынша, өлімге инсульт себеп болған.

Cонымен қатар, департамент «қамаудағыларды жаппай ауруханаға жеткізді» деген ақпаратты жоққа шығарып, оны жалған деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *