20 қазанда Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Полицияның мәліметінше, 60 жастағы Hyundai Tucson жүргізушісі жылдамдықты төмендетпей, алдында тұрған Nissan Skyline көлігіне соғылған. Nissan тізгінінде 41 жастағы әйел болған.
Соққы салдарынан көліктер бір-біріне соғылып, тағы үш автокөлік — Toyota Camry, Volkswagen Golf және Kia Bongo — зақымданған.
«Hyundai мен Nissan жүргізушілері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған жүргізушілер зардап шеккен жоқ», – деп мәлімдеді полиция.
Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.