Саясат Нұрбек ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты пікір білдірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің қаза табуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрдің айтуынша, тергеу жалғасып жатыр.

«Мендегі мәліметке сәйкес, бұл оқиға отбасылық жағдайға байланысты болған. Тергеу оны “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабы бойынша қарастыруы мүмкін. Университет пен оқу үдерісінің бұл жағдайға қатысы жоқ», — деді ол баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті 14-қабаттан құлап, көз жұмған. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *