Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Әкімдік баспасөз қызметі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады ZontNews.kz.

Ресми дерек бойынша, Берденов қызметін жалғастырып отыр және қазір  ауруханада ем қабылдап жатыр.

Қала әкімдігінде өзге де кадрлық өзгерістер жүріп жатыр. Бірінші орынбасар лауазымына Айдын Кәрімов тағайындалды. Арман Сәбитов әкімнің жаңа орынбасары болды, ол бұған дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі болған. Бұрынғы бірінші орынбасар Қуаныш Асылов жаңа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Әкімдікте тек кадрлық тағайындаулар ғана емес, құқық қорғау органдарының тексерістері де қатар жүріп жатыр.  Жақында Антикор сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешевке назар аударды. Сондай-ақ Жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің ұсталғаны хабарланды.

Руслан Берденов бұл қызметке 2025 жылдың ақпанында тағайындалған. Көктемде оған қастандық жасалды. 20 тамызда сот Ернар Жиенбайды кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *