Италия астанасы Римдегі Вилла Грациоли саябағында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, салтанатты рәсімге министр Аида Балаева қатысты. Ол Абайдың қазақ халқының рухани дамуы мен мәдени қалыптасуында айрықша орны бар екенін атап өтті.
«Соңғы жылдары Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алды. Өткен жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары және Италия министрлер кеңесінің төрайымының Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді. Биыл қыркүйекте Италия президентінің Қазақстанға келуі нәтижесінде маңызды келісімдер жасалды. Абай ескерткішінің ашылуы – осы ынтымақтастықтың символы, сонымен бірге халықтарымыздың достығы мен өзара құрметінің көрінісі», – деді Аида Балаева.

