2024 жылы Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының жолаушысы Нурулла Сираджов көз жұмды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Lent.az дерегінше, ол бүгін таңертең өз үйінде дүниеден өткен. Өткен жылы Сираджов жұбайымен бірге AZAL рейсімен Грозныйға барып, ұлына қатерлі ісікке байланысты ота жасатуды жоспарлаған. Алайда ұшақ апаты салдарынан жоспар орындалмады.
Ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Кейін Нурулла Сираджов жарақатынан айыққанымен, дертін жеңе алмады.
Еске салайық, AZAL компаниясының Embraer-190 ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау порты маңында апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан. Әуе кемесінде 67 жолаушы болған, олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар еді.