Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркиядағы демалысы кезінде төтенше жағдайға тап болды, деп жазады ZontNews.kz.

Haberler түрік басылымының ақпараты бойынша оқиға Мугла провинциясындағы Бодрум қаласының жағалауында болған.

Ресми мәліметке сәйкес, Қадыров теңізге шомылған сәтте тұншығып, өзін жайсыз сезінген. Жағалау күзетінің қызметкерлері оны дер кезінде байқап, жағаға шығарып үлгерген. Жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Қадыров жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *