Путин Зеленскиймен Мәскеуде кездесуге дайын

Фото: Ura.ru

Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысы Владимир Зеленскиймен Мәскеуде жүздесуге әзір екенін айтты, деп жазады ZontNews.kz.

Оның сөзінше, кездесу «жақсы дайындалып, нақты нәтиже беруі» қажет.

Путин сондай-ақ мұндай ұсыныспен оған бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамп та жүгінгенін жеткізді. Алайда ол Зеленскиймен келіссөз өткізудің қажеттілігіне күмән келтірді. Путин Украина Конституциясында әскери жағдай кезінде президент өкілеттігін ұзарту жөнінде норма жоқ екенін атап өтті.

«Биліктің заңдылығын тек референдум арқылы анықтауға болады. Бірақ қазір мұндай референдум өткізу мүмкін емес. Бұл үдеріс шексіз жалғасуы ықтимал. Сондықтан қазіргі әкімшіліктің басшысымен кездесулер нәтиже бермейді», – деді ол.

Бұған дейін Трамп Путин мен Зеленскийдің жеке кездесуін қолдаған. Бірақ Мәскеу мұндай келіссөз тек «келісімге қол қоятын адамның заңды президент екеніне толық сенім болған жағдайда» өтетінін хабарлады.

Зеленский, өз кезегінде, кез келген форматта келіссөзге дайын екенін, алайда Трамптың делдал болғанын қалайтынын мәлімдеді. Украина мен Ресей президенттері соңғы рет 2019 жылы жүздескен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *