Прокурор Хасан Қасымбаевқа 15 жыл сұрады

Фото: Видеодан кадр

Талғар қаласында Хасан Қасымбаев пен өзге де айыпталушылардың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

28 қазанда өткен отырыста тараптар жарыссөзге шықты. Айыпталушылар прокурордың мәлімдемелерімен келіспей, тағылған айыптарды «жалған және ойдан құрастырылған» деп атады.

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ ол айыпталушылардан жәбірленуші тарапқа бес миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіріп беруді ұсынды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрлап, оған қасақана ауыр дене жарақатын салған деп айыпталып отыр. Сонымен бірге, ол 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке қатысты іс бойынша да жауапқа тартылған.

2024 жылдың қарашасында Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл іс бойынша Қасымбаевпен бірге тағы бес адам сот алдында жауап беріп жатыр: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров.

Сот залында айыпталушылар өз құқықтарының бұзылып жатқанын айтып наразылық білдірді. Ал жәбірленушінің анасы үш күдіктіге қатысты іс қозғалмағанына наразы болып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Сот отырысына журналистер қатысып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *