Премьер-министр инвестиция тартуда артта қалған өңірлерді сынға алды

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет кеңесінде бірқатар өңірлердің инвестиция тарту көрсеткішінің төмендігін сынға алды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бектеновтің айтуынша, 2029 жылға дейін Қазақстан экономикасына 150 млрд доллар инвестиция тарту жоспарланған. Алайда кейбір өңірлер бұл бағытта жеткілікті деңгейде жұмыс атқарып жатқан жоқ. Солардың қатарында Атырау, Ұлытау және Абай облыстары бар.

«Инвестиция бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеген өңірлердің әкімдері өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуы тиіс», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын жеделдетуді тапсырды. Оның сөзінше, инвестициясыз ел экономикасының дамуы мүмкін емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *