Перизат Қайрат апелляциялық сотқа шағымданды

Фото: IG/ 01pk

Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Давлетьяров шағым берілгенін растады, бірақ толық мәлімет жарияламады, деп жазады ZontNews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қарашасында Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені және Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде бөлінген 200 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ, Қазақстандағы су тасқыны кезінде мүгедек балалар мен мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық қаржысын заңсыз жұмсап, жалпы көлемі шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденгені айтылады.

Сот үкімі бойынша, Қайраттың мүлкі тәркіленіп, өзі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы іс аясында сотталған Ғайни Алашбаеваға 7 жыл жаза кесілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *