2025 жылғы 25 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Перизат Кайратқа қатысты үкім шығарды, деп жазады ZontNews.kz.
Сот процесіне судья Сабыржан Каримов төрағалық етті.
Сот оны кінәлі деп танып, жалпы режимдегі түзеу мекемесінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған 10 жыл бойы қайырымдылық саласындағы қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Бұл іс аясында оның анасы – Ғайни Алашбаева 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Банк құпиясына қатысты құжаттар мен басқа да құпия мәліметтердің болуына байланысты сот отырыстары ішінара жабық режимде өтті.