Перизат Қайратқа тиесілі элиталық пәтерлер, қымбат көліктер мен зергерлік бұйымдар аукцион арқылы сатылмақ, деп жазады ZontNews.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Түскен қаражат 47 жәбірленушіге өтемақы ретінде беріледі.
25 шілдеде «Biz birgemiz» қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасына 7 жыл жаза тағайындалды. Сот оларды халықтан жиналған 3,5 млрд теңгеден астам қаржыны иемденді деп тапты.
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасарының сөзінше, Қайрат ісінде аты аталған өзге адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Олардың қылмысқа қатысы анықталмаған.