Қазақстан Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысы небәрі бірнеше минутқа ғана созылды, деп жазады ZontNews.kz.
2 қыркүйекте Сенат пен Мәжілістің депутаттары демалыстан кейін қайта жиналды. Алайда отырыс өте қысқа болды: депутаттар жиналып, мемлекеттік гимн орындалғаннан кейін тарқасты.
Залға 50 сенатор мен 97 мәжіліс депутаты қатысты. Отырысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашты. Ол мемлекет басшысы Қытайға ресми сапармен барғанын айтып, президент тапсырмасымен сессияны ашу құқығы өзіне берілгенін мәлімдеді.
Гимн орындалғаннан кейін Қошанов отырысты жабық деп жариялады. Пленарлық күннің мұндай қысқалығы журналистерді де, депутаттардың өзін де таңғалдырды.