Папа Лев XIV 15 жасында қайтыс болған Карло Акутисті әулие деп жариялады

Фото: Vatican News

Рим папасы Лев XIV италиялық жасөспірім Карло Акутисті әулиелер қатарына қосты, деп жазады ZontNews.kz Vatican News-ке сілтеме жасап.

Ол 2006 жылы 15 жасында лейкемиядан көз жұмған.

Канонизацияға шіркеу ресми мойындаған екі ғажайып негіз болды. Ватикан дерегінше, 2013 жылы Бразилияда ауыр дертке шалдыққан жеті жасар бала Акутиске дұға жасап, оның жейдесіне тигеннен кейін сауығып кеткен.

Екінші оқиға 2022 жылы тіркелді. Коста-Рикалық студент Валерия Флоренцияда басынан ауыр жарақат алған. Анасы Карлоның қабіріне барып, дұға еткеннен кейін қызының жағдайы жақсара бастаған. Екі айдан соң студент қабір басына өз аяғымен келген.

Карло Лондонда дүниеге келіп, католик ілімін интернет арқылы кеңінен насихаттаумен танылды. Ол құрған сайтта шіркеу мойындаған барлық ғажайыптар жинақталған. Осы еңбегі үшін оны «интернеттің қамқоршысы» және «құдайдың инфлюенсері» деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *