Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры елдің бұрынғы премьер-министрі Хан Док Суға және отставкадағы президент Юн Сок Ёльдің жұбайына айып тағылды, деп хабарлайды Zontnews.kz агенттігі Yonhap дерегіне сүйеніп.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Хан Док Су Юн Сок Ёль ұйымдастырған төтенше әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысы бар деп күдіктеледі. Оған бүлікке жәрдемдесу, жалған куәлік беру, ресми құжаттарды қолдан жасау және жою айыптары тағылды. Соған қарамастан, ол қамауға алынған жоқ.
Бұрынғы бірінші ханым Ким Гон Хи сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталды. Ол мен күйеуі қазіргі уақытта қамауда.
Еске салсақ, 2024 жылғы желтоқсанда Юн Сок Ёльге төтенше әскери жағдай жариялау әрекеті үшін импичмент жарияланған. Конституциялық сот шешім шығарғанға дейін президент өкілетін премьер-министр Хан Док Су және вице-премьер Чхве Сан Мок атқарды.
2025 жылғы 4 сәуірде Конституциялық сот импичментті күшінде қалдырды. Осыдан кейін 3 маусымға мерзімінен бұрын президент сайлауы белгіленді. Сол уақытқа дейін мемлекет басшысының міндетін Хан Док Су атқаруы тиіс еді. Алайда мамыр айында ол сайлауға түсу үшін отставкаға кетті.