Орынбор зауыты қазақстандық газды қабылдауды қайта бастады

Фото: donpress.ru

Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қайта қабылдай бастады. Бұл туралы энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрлік мәліметінше, Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процестер кезең-кезеңімен қалпына келіп жатыр.

19 қазанда «Газпром» компаниясы Орынбор газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Сол себепті Қарашығанақтан шикі газ қабылдау уақытша тоқтатылған болатын.

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева бұл жағдай елдің ішкі нарығын газбен қамтамасыз етуге әсер етпегенін айтты.

Ведомствоның хабарлауынша, жобаның операторы газ өндіру көлемін 19 қазандағы оқиғаға дейінгі деңгейге жеткізу үшін өндірісті біртіндеп арттырып жатыр. Үкімет жағдайды бақылауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *