Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясының өкілі Әбутәліп Мүтәлі депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ол жуырда оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.
Әбутәліп Мүтәлі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласында маман ретінде танылған.
Сондай-ақ ол Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына енгізілді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Республика тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға, депутаттық міндетімді адал орындауға ант етемін» – деді депутат.