Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы апарылды

Фото: FB/ Saparbek Nagashibekov

Вашингтонда жерленген қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып, туған жерінен топырақ жеткізіліп, Құран бағышталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин Абай облысы Шұбартау ауданындағы Босаға өңірінен әкелінген топырақ пен жусанды әкесінің қабіріне салды. Бұл – қаламгерді атақонысымен рухани байланыстыруға арналған қазақы дәстүр.

Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association (Қазақ америкалық қауымдастығы) мүшелері қатысып, Мұхтар Мағауиннің рухына тағзым етті.

Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғаларының бірі. Ол тарихи романдарымен және зерттеулерімен ұлттық сананың жаңғыруына үлес қосты, бүкіл ғұмырын қазақ тарихын түгендеуге арнап, 27 том еңбек жазып кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *