Мысырда Дженнифер Лопестің концерті алдында жанкүйерлер залға кіре алмай иінтірес туғызды

Әлеуметтік желілерде америкалық әнші Дженнифер Лопестің Мысырдағы концертіне кіреберістегі бейберекет сәт түсірілген видео тарады, деп жазады ZontNews.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, оқиға концерт залына кірер кезде болған. Көптеген жанкүйер ішке бірінші болып кіруге тырысқан, нәтижесінде адамдар тығыз жиналып, қоғамдық тәртіп бұзылған.

Бұл концерт Up All Night: Live in 2025 атты әлемдік тур аясында өтті. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын күшейткенімен, көрермендердің көп жиналуы залға кірер сәтте қиындықтар туғызған.

Дженнифер Лопес Египетке алғаш рет келіп тұрған жоқ. 2019 жылы ол елдің солтүстігіндегі Нью-Аламейн қаласында концерт берген болатын.

Әнші Египеттегі өнер көрсетуінен кейін Қазақстандағы гастрольдік сапарын жалғастырады. 1 тамызда Астанада, ал 10 тамызда Алматыда концерт өткізеді. Алматыдағы концерт билеттері Freedom Ticketon платформасында 28 мамырда сатылымға шыққан. Шара Орталық стадионда өтеді.

Астанада өтетін концерт күні көрермендерге қолайлы болу үшін арнайы шаттл автобустары ұйымдастырылады. Олар сағат 16:00-ден бастап қаланың бес жерінен көрермендерді «Астана Арена» стадионына жеткізіп, концерттен кейін кері бағытта қатынайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *