Мырзабосынов: «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы Алматыда өтеді

Коллаж: Kazinform

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады ZontNews.kz.

Стадион құрылысы

Министрдің айтуынша, елде жеті қалада стадион салу жоспарда бар.

«Жеті стадион бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Бес өңірде жер телімдері анықталуда», – деді Мырзабосынов.

Жанкүйерлерге арналған квота

Ведомство басшысы көрермендер саны УЕФА талаптарына сай шектелетінін айтты.

«Әркім келе алмайды. Квота шамамен 4 мың адам», – деп түсіндірді ол.

Билеттердің бағасы әзірге белгіленген жоқ. Министр оларды тек ресми сату орындарынан алу керектігін ескертті.

Неге Алматы, ал Астана емес?

Матч өтетін орынды таңдау да УЕФА талабына байланысты.

«Алматыдағы стадион 4-санатқа сай. Толық тексеріс жүргізілді. Болашақта Астананы да қарастырамыз, бірақ әзірге Алматы таңдалды», – деді министр.

Матч қашан өтеді?

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Кейін «Қайрат» 5 қарашада Миланда «Интермен», ал 28 қаңтар 2026 жылы Лондонда «Арсеналмен» кездеседі.

Футбол клубы тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасына шықты. Жеребе командаға әлемнің ең мықты қарсыластарының бірі – мадридтік «Реалды» алып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *