Маңғыстау облысында екі әкім орынбасары есірткі ісі бойынша ұсталды

Фото: Pixabay

Маңғыстау облысында әкім орынбасарлары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары мен өңір әкімдігінің қолдауымен Мұнайлы ауданының үш тұрғыны ұсталған.

Күдіктілердің арасында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары және Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.

«Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қарастырылып жатыр. Айғақты заттар сараптамаға жіберіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *