Маңғыстауда 8-сынып оқушысы жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кетті

Фото: из открытых источников

Маңғыстау облысында 8-сынып оқушысы жаяу жүргіншілер жолындағы қызды қағып кетті. Оқушы көлікті ата-анасынан рұқсатсыз алып, басқарғаны анықталды, деп жазады ZontNews.kz.

Жол апаты 25 шілде күні таңғы алты шамасында болды. Жүк көлігіндегі адам жаяу жүргіншілер жолына шығып бара жатқан қызды қағып кетті. Кейін жүргізушінің 15 жастағы оқушы екені белгілі болды. Полиция мәліметі бойынша, ол көлікті ата-анасынан рұқсатсыз алған.

Қатты жарақат алған қызға шұғыл ота жасалып, ол бес күн жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Қазір жәбірленуші түтік арқылы тамақтанып, денесін қозғалта алмайды.

Жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік және қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *