Маңғыстауда 112 Каспий итбалығының өлексесі табылды

Фото: Видеодан кадр

Маңғыстау облысында Каспий итбалықтарының жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Балық инспекциясы мен экологтар жүргізген тексеріс кезінде Асан ауылынан Баутино мүйісіне дейінгі жағалауда 112 өлексенің табылғаны анықталды. Оның 39-ы Асан мен Форт-Шевченко арасынан, ал қалған 73-і Форт-Шевченкодан Баутиноға дейінгі аумақтан табылған.

Тұрғындар қырылған итбалықтар туралы хабарлаған соң, мамандар оқиға орнына барып, судан сынама алды. Қазір экологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

Итбалықтардың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының маңынан 70 өлі итбалық табылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *