Мадагаскарда екі аптадан астам уақыт бойы жалғасып жатқан жаппай жастар наразылығынан кейін президент Андри Радзуэлина елден кетіп қалғаны хабарланды, деп жазады ZontNews.kz.
Наразылықтар қыркүйек айының соңында су мен электр энергиясының жетіспеушілігіне қарсы басталған. Кейін шерушілер президенттің отставкасын, бейбіт митинг кезінде күш қолданғаны үшін кешірім сұрауын және сенат пен сайлау комиссиясын таратуын талап еткен.
Жергілікті БАҚ пен оппозиция өкілдерінің дерегінше, Радзуэлинаның елден кетуіне әскерилердің бір бөлігі наразылар жағына шығуы себеп болған. Ол Сент-Мари аралынан ұшаққа мініп, француз иелігіндегі Реюньон аралына ұшып барған. Кейіннен ол Маврикийге немесе БАӘ-ге бет алған болуы мүмкін.
Радзуэлина кейін видеоүндеу жариялап, елде «билікті заңсыз жолмен басып алуға талпыныс жасалғанын» мәлімдеді. Ол «конституциялық тәртіпті қорғау үшін елдің барлық күшін бірігуге» шақырып, өз өміріне қауіп төнген соң қауіпсіз жерге кетуге мәжбүр болғанын айтты.