Ләззат Танысбай «Еуразия» арнасына көшті

Фото: Qazaqstan.TV

Журналист Ләззат Танысбай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқарма төрайымы қызметінен кетті, деп жазады ZontNews.kz.

Ләззат Танысбайдың сөзінше, бұл шешіміне мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсеткен.

«Бұл шешіміме қолдау білдірген министрге алғыс айтамын. Алдағы уақытта отандық телевизия саласының дамуына үлесімді қосамын», – деді ол.

Ләззат Танысбай «Қазақстан» ТРК-да 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істеген. Бұған дейін ол 2012 жылдың ақпанынан «Астана» телеарнасының басшысы болды. 2020 жылы оның тікелей қатысуымен «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы құрылды.

Қазіргі уақытта Ләззат Танысбай «Еуразия» бірінші арнасын басқарады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқарма төрағасы болып Ернұр Бұрахан тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *