Беларусь президенті Александр Лукашенко алдағы президенттік сайлауға қатысуға ниеті жоғын айтты, деп жазады ZontNews.kz.
Бұл туралы ол Time журналына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Жоқ, қазір ондай жоспарым жоқ. Өзім үшін ғана ойлаймын, мұны бұрын айтпағанмын», – деді Лукашенко.
Сондай-ақ, ол 2025 жылдың қаңтарында өткен сайлауға да қатысқысы келмегенін, бірақ «қашып кеткендей көрінбеу» үшін баруға мәжбүр болғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы ұлын мұрагер ету туралы пікірлерді теріске шығарды. 20 жастағы Николай Лукашенконы ол «оппозицияға жақын, бірақ шектен тыс емес» деп сипаттады.
Лукашенконың сөзінше, болашақ президент саясатты біртіндеп өзгертіп, тұрақты негізге сүйенуі керек.
«Революция қажет емес. Бірақ егер қоғамды басқа бағытқа сендірсе — құптарлық», – деді ол.
Александр Лукашенко 1994 жылдан бері Беларусь президенті. Соңғы рет 2025 жылдың қаңтарында жетінші мерзімге сайланған.