Белгілі байер әрі «Модный приговор» бағдарламасының жүргізушісі Лилия Рах Алматыда өткен сән кешінде қонақтардың киім үлгілерін бағалады, деп жазады ZontNews.kz.
Стилист назарын Дариға Назарбаеваның таңдаған киіміне аударды. Экс-президенттің үлкен қызы жасыл түймелері бар қара барқыт жакет киген. Бұл образ шығыс нақышындағы стильді еске салады.
«Мен бірден осы жакетке назар аудардым. Маған өте ұнады. Түстердің үйлесімі, жинақылығы – бәрі орнында», – деді Рах.
Лилия Рах басқа қонақтардың да образдарына тоқталды. Мәселен, режиссер Айсултан Сеитов туралы да айтты.
«Барлығы жақсы. Бірден назар аудартады. Бірақ жалаңаяқ киген аяқкиімін түсінбедім», – деп пікір білдірді.
Стилистің айтуынша, кейбір коктейльдік көйлектер мен үйлеспейтін аксессуарлар сәнсіз көрінді.
Жуырда Алматыда ашылған «Целинный» арт-кеңістігінің иесі – Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев.