Кемертоган ауылының мектебінде Қазақстан Республикасының Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған «35 ағаш – 35 үміт» атты экологиялық акция өтті.
Бұл бастама – жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялауға шақыратын игі іс. Егілген әрбір ағаш – еліміздің тәуелсіздігі мен жарқын болашағына деген сенімнің символы.

Мектеп директоры Әбишева Айнұр Абдыжалаловна өз сөзінде бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, оқушылар мен ұстаздарға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді:
«Бүгін егілген 35 ағаш – тек табиғатты көркейту емес, сонымен бірге еліміздің егемендігі мен үмітінің бейнесі. Әр ағаш – бір үміт, әр үміт – жарқын болашақ», – деді ол.

Акцияға ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қатысып, мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

