АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС қозғалысын атысты тоқтату жоспарын қабылдауға соңғы рет шақырды. Бұл туралы ол 7 қыркүйекте Truth Social желісінде жазды, деп жазады ZontNews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Ақ үй хабарлағандай, Израиль ұсынылған шарттарды қабылдады. Жоспарға сәйкес, барлық тұтқынды босату есесіне әскери операцияны тоқтату және шамамен үш мың палестиналықты түрмеден шығару қарастырылған.
ХАМАС өз кезегінде келіссөзге дереу дайын екенін мәлімдеді. Ұйымның өкілдері әскерді Газадан толық әкету және аумақты басқару үшін тәуелсіз палестиналықтардан комитет құру мәселесін талқылауға дайын екенін айтты.
Трамп бұған дейін де ХАМАС-қа ультиматум қойған. Наурыз айында ол «соңғы ескерту» жасаған болатын. Вашингтон жаңа ұсыныс соғысты жыл соңына дейін тоқтатуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.